Әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін белгілі блогер полиция назарына ілікті
Әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін белгілі блогер полиция назарына ілікті
© әлеуметтік желіден алынды
Карантин кезінде елордада жасалған тағы бір той әшкере болды. Бұл жолы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері блогерлердің қатысуымен өткен үйлену тойын анықтады, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Белгілі блогер Ислам Жанабылов Instagram-дағы парақшасында үйлену тойынан суреттер жариялаған.
«Бас санитар дәрігердің қаулысындағы тыйымға қарамастан, той кең ауқымда өткен. Үйлену тойы қаланың сол жағалауында, Қорғалжын тас жолының бойындағы мейрамханада өткені белгілі болды. Мейрамхана иесіне, блогерге және басқа да той қатысушыларына қатысты жиналған материалдар Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды», - делінген хабарламада.
Тойға қатысқандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, айыппұл салынады.