ШҚО-да қамыс жанып, ірі өрт шықты
ШҚО-да қамыс жанып, ірі өрт шықты
©https://ult.kz
129
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында қамыс жанып, ірі өрт болды.

Өрт 7 мың гектар аумақты жайпап, күлге айналдырды. Жалынның көлемі үлкен болғаны соншалық, өртсөндірушілер тілсіз жаумен бір аптаға жуық арпалысты. Өрт сөндіру кезінде жел тұрып, батпақты бөліктерді өшіру мамандарға қиындық туғызған. Тіпті, су ішінде тұрған қамыстар да өртеніп кеткен. Жаппай күш жұмылдырудың арқасында өрт сөндірілді.