Екібастұзда 8 жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған

Екібастұзда 8 жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Одан екі адам зардап шекті.

"Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен", - делінген хабарламада.

Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішіп қойған. Ер адам ауруханаға жатқызылды.