Теңізге барған Полиция департаментінің басшысы коронавирусқа шалдықты – Атырау
Теңізге барған Полиция департаментінің басшысы коронавирусқа шалдықты – Атырау
Фото: Интернеттен алынды
210
оқылды
Атырау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелді коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды «Ақ Жайық».  Дереккөздің жазуынша, ол 2 мамырда Теңіз кенішінен келген. Соңғы кездері ол жерде мердігер компания жұмысшылары арасында наразылық болып, cол жаққа жұмыс сапарымен барған. Атырауға келгеннен кейін Берік Амангелді жүргізушімен бірге COVID-19 тестін тапсырып, нәтиже оң болып шыққан. Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ұсталған адаммен байланыста болған үш полиция қызметкерінен коронавирус анықталған. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3920-ға жетті. Соның ішінде Атырау облысында 181 адам COVID-19 жұқтырса, 72 адам жазылып шыққан.