Алматыда қант бір адамға 5 келіден артық сатылмайды. Қант сатудың белгіленген шектеуіне қатысты қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жағдайды түсіндірді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім Magnum, Small және Toimart сияқты сауда желілерімен жасалды. «Жоғарыда аталған дүкендер желісінде бір адамға бес келі қант қана сатылады. Мұндай шара алып-сатарлардың алдын алу үшін қабылданды. Базар және өзге де сауда нүктелерімен салыстырғанда мұнда қант бағасы 10-15% төмен», - деп хабарлады әкімдіктен. Басқармадағылар қант сатып алуға қойылған шектеулер тапшылықпен байланысты емес екенін атап өтті.