Шымкентте 131 млн. теңгені талан-тараж қылды деп айып тағылып, ақталып шыққан экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды. Бұл жайында NUR.KZ хабарлады.
Әбілсейіт Рабаев енді Шымкент қалалық Құрылыс басқармасын басқарады. Ол 1981 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша – инженер, экономист. Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-нда оператор болып бастаған. Кейін ОҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымда қызметте болды.Оған орындалмаған жұмыс үшін бюджеттен 131 млн. теңге бөлінді деп Қылмыстық кодекстің 176-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша айып тағылды. Уақытша қамауға алынған басшының ісі бір жылға созылды. Алайда, Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Талғат Қахаровтың үкімімен Әбілсейіт Рабаев кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды. Сонда ол мемлекеттен ешқандай өтамақы талап етпейтінін, темір тор өзін есейткенін айтқан.2013 жылдың 4 мамыры күні сол кездегі Қаржы полициясының қызметкерлері ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарып отырған Әбілсейіт Рабаевты тұтқындалған.