Нұрислам Санаев өзіне берілген қомақты сыйақыны мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсайтынын айтты
Нұрислам Санаев өзіне берілген қомақты сыйақыны мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсайтынын айтты
Фото: prosports.kz
257
оқылды
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев жанкүйерлеріне  қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, мемлекет тарапынан тағайындалған сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты. 
"Құрметті достар! Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл Президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі... Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен, мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!", – деп жазды instagram парақшасында.