Жол картасындағы іс-шараның 16 пайызы орындалды
Жол картасындағы іс-шараның 16 пайызы орындалды
192
оқылды

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі облыстық сай­лауалды бағдарламасын іс­ке асыру жөніндегі Жол кар­тасы биыл 18 ақпанда Қы­зылорда облыстық пар­тия филиалы Саяси кеңе­сі бюросының қаулы­сы­мен бекітілген болатын. Бүгінде атал­ған бағдарламаны іске асыру қарқынды түрде жүр­гізіліп жатыр.

Атап айтсақ, осы мерзімде Жол картасында қамтылған іс-ша­­­ралардың 16 пайызы орын­дал­ды. Бұл бағдарламада қамтылған әр­бір бағыттың кезең-кезеңімен жү­зеге асып жатқанын көрсетеді. «Nur Otan» партиясының Қы­зылорда облысы бойынша сай­лауалды бағдарламасында 19 ел­ді мекенді, соның ішінде биыл Қа­залы қаласы, Жосалы және Жа­лағаш кенттерін, Жаңақорған ау­данының Бірлік, Шиелі ау­да­ны­ның Қодаманов, Бекежанов атындағы елді мекендерін газбен қам­тамасыз ету көзделген бо­ла­тын. Жосалы және Жалағаш ау­да­нының орталығы көгілдір отын­­ға қосылды. Жосалы кен­тін­­дегі кварталішілік газдандыру жұмыстарына республикалық жә­не облыстық бюджеттен 2,69 млрд, Жалағаш кентінің газ­дан­дыру жұмыстарына 3 млрд 691 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы, жыл соңына дейін Жол картасы аясында Қазалы қаласын, Шиелі ау­данының Бекежанов және Қо­даманов ауылдары толықтай та­биғи газға қосылып, тұрғын­дар­дың газ тұтыну үлесі 67,4 пайызға жет­кізілді. жол картасы Сайлауалды бағдарламаны жү­зеге асыруға бағытталған Жол кар­тасының «Әлеуметтік бағ­дар­ланған аймақ» бөлімінде бұқа­ра­лық спортты дамыту үшін тұр­ғын­дарға жағдай жасау мәселесі де назардан тыс қалмады. Мә­селен, бағдарлама аясында ал­дағы 5 жылда өңірде 19 жаңа спорт­тық нысандар, яғни 5 спорт­тық сауық­тыру кешені, 12 ст­рит­бол алаңы, 2 жүзу бассейн салу көзделсе, жеке кәсіпкердің демеушілігімен жо­ба құны 350,3 млн теңгені құрай­тын жабық жүзу бассейні Жа­лағаш ауданы тұрғындарына пай­далануға берілді. Жүзу бас­сейнінде бір уақытта 20 адам қа­­­былдауға мүмкіндігі бар. Алда­ғы уақытта оқушыларға арналған те­гін жүзу үйірмесі ашылмақ. Үйір­меге 20-ға жуық оқушы қа­был­­данып, көпбалалы, ата-ана­сы­ның қамқорлығынсыз қалған от­басының балаларына жеңіл­дік­тер қарастырылмақ. Сонымен бір­ге мүгедектігі бар азаматтар мен қарттарға күніне 1 сағат тегін кіру­ге жағдай жасалатын болады. Жал­пы, «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін халықты спорт­тық инфрақұрылыммен қам­та­ма­сыз ету қарқынын 1 000 адамға шақ­­қанда 41,25 %-ға, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, дене­шы­нық­тыру және спортпен айна­лы­са­­тын тұрғындардың үлесін 35 %-ға дейін арттыруды мақсат етіп отыр. Игілікті іс жалғасын таба­ды.

А.ЖАСАН