«Қайраттың» бапкері қызметінен кетті

«Қайраттың» бапкері қызметінен кетті

«Қайрат» футбол клубы­ның бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Алашкертке» қарсы қарымта кез­десу­ден кейін қызметінен кетті.

Ереванда өткен матчтың  негізгі уақыты тең аяқталды – 2:2. Қосымша уақытта алаң иелері жеңісті жұлып әкетті – 3:2. «Қайрат» сапынан Денис Поляков пен Айбол Әбікен алаңнан қуылған соң, алматы­лық­тарға тоғыз ойыншымен амалдауға тура келді. Ал бірінші кездесуде қос клуб тең тарқасқан еді. «Өкінішке қарай, біз өзімізге қолайлы нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты мен бас бапкер қызметінен кетуге шешім шығардым. Клубқа маған сенім артып, негізгі құрам­ның бас бапкері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айта­мын», – деді Кекер. Кирилл Кекерден кейін «Қай­раттың» бас бапкері мін­детін Артем Гавриленко атқара­тын болды. Алматылық клуб үшін еурокубок ойындары аяқ­талған жоқ. Олар Конферен­ция лигасының плэй-офф кезеңін­де өнер көрсетеді.  

А.ЖОЛДАС