Диана ханшайымның үйлену тойынан алынған торттың бір бөлігі бәссаудада алғашқы қойылған бағасынан бес есе қымбатқа сатылды, – деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. Чарльз Ханзада мен Диана ханшайымның үйлену тойынан кейін бұл торт қырық жыл сақталып келген екен. Ені – 20, ұзындығы – 30 сантиметр болатын торттың бәссаудадағы бастапқы бағасы 500 фунт деп белгіленіпті. Алайда сатып алушы тәттіге 2565 АҚШ доллар берген. Яғни, 1 миллион 90 мың теңге. Негізінен ханзада мен ханшайымның тойына ресми 23 торт әзірленген екен. Оның ішінде үйлену тойының басты тартуы ұзындығы – 1,5 метр, салмағы 102 келі тартатын торт та бар. Ал сатылымдағы тәттінің бұл бөлігі ханшайымның үй қызметкеріне алғыс ретінде берілген.