Қарағандыда бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты

Қарағандыда бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі  үш адамның өліміне қатысты қылмыстық істің жай-жапсары жария етілді, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Патриот» telegram-каналының ақпаратынша, күдіктінің бір отбасы мүшелерін қырып салуына резина қайық себеп болған. Қылмыс құрбандары – ерлі-зайыптылар мен олардың 21 жастағы қызы. Олардың өліміне күдікті ретінде марқұм отағасының әріптесі қамауға алынды.

«Арадағы жанжал резина қайықтан шыққан. Күдікті үй иесімен қайық үшін жанжалдасып қалған. Ашу үстінде ол үй иесіне пышақ тығып, ауыр жаралаған. Белгілі болғандай, қаскөй екі адамды бақшада, біреуін үйде өлтірген. Прокуратурадағы дереккөз оқиғаның осылай өрбігенін растады», – делінген ақпаратта.
Отбасының сондай-ақ, 27 жастағы қызы бар. Ол қылмыс болған сәтте Қарағандыда болған екен. Еске салсақ, жантүршігерлік қылмыс 13 тамыз күні Ағадыр кентінде болған. Қандықол қаскөй бір үйдің үш адамын пышақтап өлтіріп кеткен.