"Барселона" клубы Мессиге миллиондаған еуро қарыз
"Барселона" клубы Мессиге миллиондаған еуро қарыз
Фото: rctiplus.com
250
оқылды
"Барселона" клубы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге миллиондаған қарызын қайтарады, – деп жазады Чемпионат басылымы. Бұған дейін каталондық клубтың бұрынғы президенті Хосеп Бартомеу Мессидің жалақысын бөліп төлеуге келіскен. Бартомеу барлық ойыншылардың жалақысын бөліп төлеп отырған. Бірақ Мессидің жалақысы көп болғандықтан, толықтай төлеу мүмкін болмаған. «Барселона» қарызды 2022 жыл аяқталғанша толық өтейді деп күтілуде. Лионель Месси париждіктермен 2+1 келісімшарты бойынша 30 нөмірде өнер көрсететін болады.