Алматы облысында жол апаты болып, 5 адам көз жұмды
Алматы облысында жол апаты болып, 5 адам көз жұмды
166
оқылды
Қапшағай маңындағы жолда Daewoo Nexia көлігі аударылды. Бес адам көз жұмды, үшеуі бала, деп хабарлайды Sputnik.kz. Әлеуметтік желіде жол апаты орнында түсірілген суреттер пайда болды. Трагедия Шеңгелді ауылының маңында болған. Облыс полициясы ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 14 тамызда түстен кейін болды. Daewoo Nexia рөлінде 64 жастағы зейнеткер отырған. Көлікте 8 адам отырды.
"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, Алматы-Өскемен тасжолының 122-ші шақырымында аударылды. Бес адам оқиға орнында көз жұмып, үш жолаушы Қапшағай ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.