Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
160
оқылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында  «Nur Otan» партиясының Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының аудандық  және Шымкент қаласы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмыссыз, әлеуметтік тұрғыдан  аз қамтылған, жалғызбасты аналар, мүгедек бала  бағып отырған 65 отбасы  көмек сұрап келген. «Nur Otan» партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары және жастар ресурстық орталығы партияның    «30 қайырымды іс» акциясы аясында өтініш білдірген отбасыларға демеушілік көмек көрсететінін жеткізді.  width= «Nur Otan» партиясы қызметкерлерінің көмегімен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 65 отбасыға барлығы 2 млн. теңге көлеміндегі қаржыға азық-түлік себеттері алынды.