«Жарақаты бола тұра неге барды?»: Данияр Елеусінов Әбілхан Аманқұлдың Олимпиадаға барғаны жөнінде пікір білдірді
«Жарақаты бола тұра неге барды?»: Данияр Елеусінов Әбілхан Аманқұлдың Олимпиадаға барғаны жөнінде пікір білдірді
Фото: sport.inform.kz
255
оқылды
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов «Спорт Шрёдингера» YouТube-арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл иық жарақатымен 2020 жылғы Олимпиадаға барғаны жөнінде пікір білдірді. - 75 келіде өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл қарсыласқа жол беріп, медальсыз қалды. Белгілі болғандай, Токиоға ол иығындағы жарақатпен барған. Сіздің ойыңызша, бұл қалыпты жағдай ма, әлде бас тарту керек пе еді? – Шынымды айтсам, Әбілхан жақсы өнер көрсетті. Бразилиялық өте мықты қарсылас болды, барлығы үшін. Өте шебер жігіт, көп нәрсені біледі – икемділігі де, қорғанысы да жақсы, ол барлық қашықтықта жұмыс істей алады. Иық жарақатымен барды дегенге келсек, білмеймін... Жарақат мазалады ма, жоқ па, әрине, бұл - өз алдына мәселе. Әсер етті ме? Менің ойымша, қатты әсер еткен жоқ. Бұл ақталатын сөз емес шығар. Барды ма,  демек жұдырықтасуы керек. Бірақ мен ешкімді айыптамаймын. Құдайдың қалауымен, болар іс болды.