«Жарақаты бола тұра неге барды?»: Данияр Елеусінов Әбілхан Аманқұлдың Олимпиадаға барғаны жөнінде пікір білдірді

«Жарақаты бола тұра неге барды?»: Данияр Елеусінов Әбілхан Аманқұлдың Олимпиадаға барғаны жөнінде пікір білдірді
Фото: sport.inform.kz

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов «Спорт Шрёдингера» YouТube-арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл иық жарақатымен 2020 жылғы Олимпиадаға барғаны жөнінде пікір білдірді.

- 75 келіде өнер көрсеткен Әбілхан Аманқұл қарсыласқа жол беріп, медальсыз қалды. Белгілі болғандай, Токиоға ол иығындағы жарақатпен барған. Сіздің ойыңызша, бұл қалыпты жағдай ма, әлде бас тарту керек пе еді?

– Шынымды айтсам, Әбілхан жақсы өнер көрсетті. Бразилиялық өте мықты қарсылас болды, барлығы үшін. Өте шебер жігіт, көп нәрсені біледі – икемділігі де, қорғанысы да жақсы, ол барлық қашықтықта жұмыс істей алады.

Иық жарақатымен барды дегенге келсек, білмеймін... Жарақат мазалады ма, жоқ па, әрине, бұл - өз алдына мәселе. Әсер етті ме? Менің ойымша, қатты әсер еткен жоқ. Бұл ақталатын сөз емес шығар. Барды ма,  демек жұдырықтасуы керек. Бірақ мен ешкімді айыптамаймын. Құдайдың қалауымен, болар іс болды.

 

 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.