Токиода төрт алтын ұтқан америкалық 44 мың доллар салық төлейді

Токиода төрт алтын ұтқан америкалық 44 мың доллар салық төлейді

Жүзуден Олимпиада чемпионы, америкалық Кэти Ледеки жаһандық жарыста жеңіп алған алтындары үшін 44 мың доллар салық төлейді, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. Ледеки Токио Олимпиадасында 4 алтын медаль ұтып, алтыншы рет олимп шыңын бағындырды. Спортшыға 37 мың 500 доллар беріледі. Кэти бас-аяғы осы додада жеке демеушілерді қоспағанда, 280 мың доллар табыс тапқан. Енді Олимпиадада топ жарған спортшы 44 мың доллар салық төлеуге міндетті. Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: