Журналист өлімінен кейін жаттығу таратқан дәрігер тексеріліп жатыр
Журналист өлімінен кейін жаттығу таратқан дәрігер тексеріліп жатыр
Old sick lady lying in hospital bed
142
оқылды
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тыныс алу гимнастикасын таратқан дәрігер Айна Бакееваның қызметіне қатысты тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ішкі істер министрлігі 11 тамызда оларға 9 тамызда көз жұмған журналист Қалыбек Атжанның өліміне қатысты ақпарат түскенін хабарлады. Көз жұмарынан екі күн бұрын журналист Facebook парақшасында денсаулығының күрт төмендегенін жазған. Марқұм жағдайының нашарлауын Айна Бакеева ұсынған тыныс алу гимнастикасымен байланыстырған.
"Мына кісі кім, білесіздер ме? Біреулер салып жіберіпті. Осы ханымның айтқандарын істеймін деп нашарлап қалдым. Оның алдында тәуір болып келе жатыр едім", - деп жазды ол.
"Аталған арыз 11 тамызда Ішкі істер министрлігінің ақпараттар тізілімінде тіркеліп, Қылмыстық кодекстің  181-бабы 5-бөлімі "Қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыз, хабарлама" бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментіне, Денсаулық сақтау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолданды", - делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері дайын болғанда Жамбыл облыстық Полиция департаменті процессуалдық шешім қабылдайды. Журналист Қалыбек Атжан 12 шілде күні ауруханаға коронавирус жұқтырып түскен. Бір айдан кейін жағдайы нашарлап, 66 жасында көз жұмды. Ол Жамбыл облысында 1954 жылы дүниеге келген. "Қазақстан", "Хабар" телеарналарында ұзақ жылдар бойы қызмет етті.