Ливанда танкер жарылысынан 20 адам қаза тапты

Ливанда танкер жарылысынан 20 адам қаза тапты

Ливанның солтүстік-батысында танкер жарылып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аккардағы танкердің жарылуы салдарынан біздің командалар аудандық ауруханаларға 20 адамның мәйітін және жеті жаралы адамды тасымалдады", — деді Ливан Қызыл Крестінің өкілдері Twitter-де.
Ақпарат бойынша, ұйымның 22 командасы зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.