Ливанда қазақстандық бітімгерлер марапатталды
Ливанда қазақстандық бітімгерлер марапатталды
137
оқылды

Тамыз айындағы қорытындылау кезінде Үнді бітімгерлік батальонының командирі Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Жауынгерлік және бітімгершілік даярлық бойынша үздік көрсеткіштері, жоғары әскери тәртібі үшін ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Вячеслав Моорға бағалы сыйлық тарту етті.

4-жиынтық бітімгершілік рота бірінші тамызда Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы миссияны орындауға кірісті. Оған Қазақстанның түрлі әскери бөлімдерінен үздік 120 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кірді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бітімгерлер Ливанда бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде олар өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді.