Жамбыл облысында теміржол көпірін су алды
Жамбыл облысында теміржол көпірін су алды
©А.Ахметқазы
399
оқылды
Жамбыл облысында теміржол көпірін су алған.
"Жамбыл облысы Меркі ауданының таулы аумақтарында нөсер жаңбыр жауып, содан пайда болған су тасқыны жергілікті автожол мен Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің астын шайып кеткен. Су өткізу нысаны толық режимде жұмыс істеп тұрған. Дегенмен судың тасқыны мен қысымына төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойыздары тоқтатылды. Жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған теміржол және автотракторлық техника, 75 теміржол қызметкерлері жұмылдырылды, қажет болған құрылыс материалдары жеткізілді. Жұмыс ертең таңда аяқталады деп жоспарланып отыр", – деп жазады  баспасөз қызметі.
Осыған орай
- №712 «Шымкент - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол»;
- №78 «Манғыстау - Алматы-2»;
- №42 «Атырау - Алматы-2»;
- №23 «Алматы-1 - Ақтөбе»;
- №33 «Алматы-2 – Ақтөбе»;
- №29 «Алматы-2 – Атырау» бағытындағы жолаушылар пойыздары кешігіп келеді.
Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.