Елдос Сметов спорттық мансабына байланысты мәлімдеме жасады

Сметов
Фото: Sports.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері Елдос Сметов үлкен спорттағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, дзюдошы спорттық мансабын жалғастыруға қатысты жауап берді, – деп жазады Olympic.kz.

"Егер спортты одан әрі жалғастырып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысатын болсам, міндетті түрде 66 келіге ауысамын. Бұл туралы елге оралған бойда айтқан едім. Бәрі де жарақатыма байланысты болып тұр.

Егер денсаулығым жарап, жарақаттарым мазаламаса, міндетті түрде күресемін. Өйткені, күрес менің өмірім. Мен спорттан ләззат аламын. Мен еліміздің туын желбірету үшін жұмыс істеймін.

Олимпиада аяқталды, жарақаттарымды емдеп бастаймын. Бәрі де жақын арада белгілі болады", – деді Сметов. 

 

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.