Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде әйел адам терезеден ұшып кетті
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде әйел адам терезеден ұшып кетті
©azattyq-ruhy.kz
171
оқылды

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен таралған болатын.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, Шөкин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында жол-көлік оқиғасы болып, төрт автокөлік соқтығысқан. Оқиға орын алған кезде көліктердің бірінің терезесінен әйел адам түсіп қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 37 жастағы келіншектің жағдайы туралы хабарлады. «Әйел адам көп жарақат алған. Мидың шайқалуы, жамбастың жабық сынығы, оң жақ  қабырғасының үшеуі сынған», – деді басқармада. Қазір әйел адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.