Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтерді. Бұл жаңалықты той қонақтары өз парақшаларында жариялаған.
Олар Instagram желісіне ұзату той кезіндегі фото мен бейнежазбалар салған. Видеолардан күйеужігіт пен қалыңдықтың шыққанын, құдалардың биін көруге болады.
Әнші әрі сазгер Дидар Кәденнің таңдауы Лейла есімді бишіге түскен. Осы жылдың маусым айында, дәл өзінің туған күнінде ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған. Сөйтіп, жора-жолдастарының ортасында ғашығына сақина таққан болатын. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=qdts6Jfy1R8[/embed] Бұл – Дидар Кәденнің екінші некесі. Бұған дейін сазгер Айым Алтынбековамен шаңырақ көтерген еді. Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыптылар дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен.