"Шаңырақ" Тұрғын үй бағдарламасына өтініш бергендердің тең жартысы баспана алмаған
"Шаңырақ" Тұрғын үй бағдарламасына өтініш бергендердің тең жартысы баспана алмаған
Сурет: mastersenaiper
148
оқылды

"Шаңырақ" Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініш берген қазақстандықтардың тең жартысы баспана ала алмай отыр. Себебі, бір жыл бұрын басталған жобаға 210 миллиард теңге бөлінгенімен, банктен несие рәсімдеуге рұқсат алған азаматтар үй таба алар емес. Жұрт жеке компаниялар арқылы эконом класстағы үйдің өзін 20 жылға рәсімдеу тым қымбатқа түсетінін айтады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Шаңырақ" бағдарламасының бастапқы жарнасы небәрі 10 пайыз болғанымен, үй таңдауға келгенде, қосымша шығындалуға тура келеді. Өйткені, талап бойынша, шаршы метрі 240 мың теңгеден аспауы тиіс үйдің сапасы сын көтермейді.
"Көп азаматтар бүгінгі таңда өзіне ұнаған пәтерлері жоқ деп айтады. Қазақстан тұрғын үй компаниясының гарантиясын алайын деп отырған үйлерге көп адам бронь қойып отыр", – дейді Алматы қаласы "Отбасы банк" АҚ филиалы директорының орынбасары Динагүл Түсіпова.
Бұл процесс кем дегенде 2 ай мен 6 айдың арасында жүргізіледі. Ал 6 айдың ішінде үй таппағандар автоматты түрде бұл бағдарламадан шығарылады. Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: