Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшамауданында тұратын 76 жастағы әжей немересімен бірге үйінде қарасора мен марихуана есірткілерін заңсыз өсірген.
Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғановтың айтуынша, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Г. есімді әйелдің тұрғылықты жерінен жедел-іздестіру барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы – 6 келі 680 грамм.