Атырау облысында жүргізуші велосипед теуіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті (видео)
Атырау облысында жүргізуші велосипед теуіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті (видео)
©azattyq-ruhy.kz
272
оқылды

Атырау облысында көлік қаққан 9 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл жайында АқЖайық басылымы хабарлады.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=LS6pU7RDyBQ&ab_channel=%D0%93%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%90%D0%BA%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BA[/embed] Жол апаты болғаны жайында хабарлама Мақат ауданы полиция бөлімшесіне түскен. Мәлімдеуінше, оқиға 12 тамызда Мақат кентінде  болған.

 «Toуota Sienna» автокөлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, велосипед теуіп келе жатқан жасөспірім баланы қағып кеткені бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бала оқиға орнында қаза болды.

Жергілікті полиция шетелдік көлік тізгінінде 53 жастағы жүргізуші, ал зардап шеккен 9 жасар бала екенін анықтады. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.