"Тұрсынбектің қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды": жазасы қандай болмақ?
"Тұрсынбектің қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды": жазасы қандай болмақ?
©А.Ахметқазы
594
оқылды

Белгілі заңгер әрі қоғамдық белсенді Айгүл Орынбек, мәселен, "мұнда алаяқтық бабы бар" деген ойды алға тартады. 

[caption id="attachment_156348" align="alignnone" width="838"] width= Айгүл Орынбек[/caption] Айгүл Орынбек, заңгер, қоғамдық белсенді - Жалған құжат жасамас бұрын адам бірінші тапсырыс береді ғой, дұрыс па? Міне, сол тапсырыс беруге қатысты мәселеге де аса мән беру керек. Біздің елімізде жалған құжатқа қатысты жаза түрі жеңіл негізі. Ал менің ойымша, бұл — алдын ала ауыз жаласып, ұйымдасқан қылмыс. Жалған құжатпен кірмек болған қызды ғана емес, тапсырыс берушілердің де мәселесін майшаммен қарау керек. Өйткені олар мемлекеттің қаржысын, сіз бен біздің салығымызды, қазынадағы ақшаны заңсыз жолмен иемденіп алып, төрт жыл бойы пайдаланбақ болды емес пе?!.. Өзінің қаржысы жете тұра, арам оймен мемлекеттің қаржысын игеріп, қызы грантта тегін оқуға лайықты болмағанына қарамастан, заңсыз жолмен ұтып алмақшы болды. Міне, осы мәселеге мән беру керек, — дейді белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жауапкершілігіне қатысты мәселені меңзеген заңгер Айгүл Орынбек. – Демек, бұл оқиға Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны тапсырған 22 жастағы студент қызды жазалаумен ғана шектелмеу керек дейсіз бе?  – Иә, студент қыз оқудан шығарылып, қудаланып жатыр деп естідім қазір. Сонымен қатар тапсырысты беруші, яғни жалған құжатпенен қызының орнына ҰБТ тапсыруға мүдделі болған тарап та істеген ісі үшін жауап береді деп үміттенемін. Ал енді Әдемі Аманғали (Тұрсынбек Қабатовтың қызы — ред. ) кәмелет жасқа толмағандықтан, бұл жерде оның ата-анасы жауап беру керек. Әзілкеші болсын, блогері болсын елдің алдында жүрген талай танымал адам осы сияқты түрлі заңсыз әрекеттерге барып, қарапайым халыққа үлгі болудың орнына, ала жіпті аттап, біздің елде қылмыс жасай отырып, қалай пайда табуға болатынын көрсетіп беріп отыр. Дәл осы оқиғаны басқалар қайталамау үшін, қалыпты жағдайға айналмау үшін осы іске қатысты қатаң жаза беру қажет. Тіпті ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық әрекеттің бар-жоғын тексеру керек деп те ойлаймын. Әлгінде осы бап бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ атқарған іс болса, кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейін қамауға алынуы тиіс.  Алайда заңгер әрі қоғамдық сарапшы Алмас Жұмағали оқиғаның мән-жайын нақты білмей тұра, алдын ала кесіп-пішуге асығуға болмайды деп өз пікірімен бөлісті.  [caption id="attachment_156349" align="alignnone" width="895"]Алмас Жұмағали Алмас Жұмағали[/caption] Алмас Жұмағали, заңгер, қоғамдық сарапшы:  - Бұл жерде, қолда бар мәліметтерге қарағанда, жалған құжатпен ҰБТ тапсыруға кірмек болған қызға қатысты дерек қана мәлім. Демек, 190-бап бойынша, яғни алаяқтық әрекет ретінде қарастыратындай әзірге еш негіз жоқ. Өйткені ешкім ешкімнің мүлкін алдап-арбап тартып алып отырған жоқ. Алаяқтық бабы жоқ. Ал енді құжаттардың қолдан жасалғаны дәлелденсе, онда ҚР ҚК 385-бабы бойынша сот үкімі шығарылуы әбден мүмкін.  - Қылмыс тіркелді. Алайда оны орындаушы ғана жазаланып, ал енді тапсырысты беруші құтылып кетпей ме?  – Кез келген қылмыстық істі қарау кезінде ұйымдастырушы, орындаушы, көмектесуші және айдап салушы деген тараптар жіті тексеріледі. Егер де тергеу кезінде осы төрт жағдайға қатысты қылмыстық әрекеттер анықталып, дәлелденсе, тиісті жаза тағайындалады. Кімнің ұйымдастырушы, кімнің атқарушы немесе кімнің көмектесуші екенін білмей жатып, сырттан тон пішіп, "ал менің құмалағым сөйледі!" деген әңгіме болмау керек бұл жерде.  Адвокат Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, мұнда бәрі тергеу амалдарының нәтижесіне байланысты болмақ.  [caption id="attachment_156350" align="alignnone" width="764"]Тілеужан Кішкенебаев Тілеужан Кішкенебаев[/caption] Тілеужан Кішкенебаев, адвокат: – Мәселен, адамдар тобының сөз байласуы деген бар. Міне, осындай дерек бар ма, жоқ па соны анықтау қажет. Тұрсынбек Қабатов әлгі жалған құжатты дайындауға тікелей қатысты ма, жоқ па соны тексеріп, дәлелдеу қажет. Бәлкім, белгілі әзілкештің қызы осынау әрекетке өзі барған болар? Қылмыстық іс жан-жақты талданып, тергелгеннен кейін сотқа жіберіледі. Міне, содан кейін барып сот өз үкімін шығарады.  – Сіздіңше, жаза түрі қандай болуы мүмкін, мысалы?  – Қылмыстық істің екі не одан көп адамның қатысуымен жасалғаны дәлелденсе, ҚР ҚК-нің 385-бабының 2-тармағымен сараланып, яғни адамдар тобы сөз байласқан жағдайда 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады. Заңда солай көрсетілген. Ал егер де Тұрсынбек Қабатов қызының заңсыз әрекетінен бейхабар болса, яғни қызы құрбыларымен келісе отырып, жасасқан дүние болса, онда 18 жасқа толмаған азамат ретінде Қабатовтың қызы жауапкершілікке тартылмауы мүмкін. Бірақ қызын қадағаламаған ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бірақ мұның бәрі тек болжам ғана.  Айта кетейік, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісі арқылы заңгер Абзал Құспан "Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды" деген ақпаратты таратқан болатын.  Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті осы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, растады. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні болған.  "Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ-ға жалған құжатпен қатысқан түлектерді анықтап, "102" арнасына хабарлаған. Тергеу барысында жалған куәлік жасады деген 22 жастағы күдікті анықталып отыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.