Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ - Берік Уәли
Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ - Берік Уәли
© akorda.kz
171
оқылды
Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады", – деп жазды ол.
Еске сала кетсек, WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін Ауғанстанның әскери ұшағы Өзбекстанда құлағанын хабарлаған болатынбыз.