Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
© azattyq-ruhy.kz
121
оқылды
Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Қазір Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Біз білетін қазақстандықтардың барлығы осы елдің аумағынан кетіп қалған. Дипломаттар өз қызметін жалғастыруда, біз оларды эвакуациялауды жоспарламаймыз», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырған болатын.
«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», – деп жазған еді Президент Twitter-дегі парақшасында.