Кабулдан ұшып кетпек болған ауғанстандықтар ұшақтан құлады
Кабулдан ұшып кетпек болған ауғанстандықтар ұшақтан құлады
241
оқылды
Кабул әуежайындағы дүрбелең әлі де жалғасып жатыр. Жұрт елден кетудің амалын іздеп сабылып жүр, – деп хабарлайды «Хабар 24». Кейбіреулері тіпті әуе кемесінің шассиіне жармасып, ұшып кетпек болған. Алайда ұшақ көкке көтеріліп, шасси жабылғанда азаматтар төмен қарай құлап, қайтыс болған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, кейбірінің денесі тура тұрғын үйлердің үстіне құлаған. Айта кетейік, қазір Кабул әуежайында ығы-жығы халық. Елдегі ахуалға байланысты бәрі елден кетуге асығуда.