Тұрсынбек Қабатов басы дауға қалған қызына қатысты мән-жайды түсіндірді
Тұрсынбек Қабатов басы дауға қалған қызына қатысты мән-жайды түсіндірді
© stan.kz
285
оқылды
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызы Әдемі Аманғалидің атынан басқа біреудің ҰБТ-ға кіріп, сынақ тапсырғаны туралы қауесетке қатысты мән-жайды түсіндірді. 
"Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан  келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет. Оқиға бойынша айтарым осы видеода", – деп жазды ол.
Видеода Тұрсынбек Нұрбек есімді репетитор жігітпен сөйлеседі. Жігіт Әдеміге жоғары балл алу үшін жалған құжат жасағанын, бірақ әзілкештің өзіне айтпағанын мойындайды. Әзілкеш қызы шетелге оқуға түсуге дайындалып жүргенін, осы жағдайдан кейін күйзелісте екенін айтады. Бұған дейін Еуразия ұлттық университеті Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидің атынан тест тапсырған Сымбат Қанайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kabatov Tursynbek (@kabatov_tursinbek_resmi)