Сайлауалды бағдарламаны орындау – басты міндет
Сайлауалды бағдарламаны орындау – басты міндет
217
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маң­ғыстау облысы Ақтау қалалық филиалының бастамасымен өңірдегі жол құрылыстарының сапасын тексеріп, сараптау мақсатында қоғамдық бақы­лау іске асып жатыр.

Бақылау тобының құрамына қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәс­лихат депутаты Анар Шамшади­нова, Маңғыстау облыстық фи­лиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасының орын­басары Киікбай Жақыпұлы, қа­лалық мәслихат депутаты Уайс Ерсайынұлы мен қоғам белсен­ділері кірген. Әуелі мониторинг жұмыстары Ақтау қаласындағы 8-шағынаудан аумағындағы жолдарға жүргізілді. Құрылысқа «Нұртас» ЖШС жауапты. Аталған құрылыс жүріп жат­қан аудандағы көпқабатты тұр­ғын үйлердің көшелеріне төселген жолдың сапасы толық тексерілді. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сай­лауалды бағдарламасында осы тәрізді қала ішіндегі жолдардың мәселесін шешу қарастырылған. – Жолдарды жөндеу және салу кезіндегі кемшіліктер жол сапа­сына кері әсер ететіні белгілі. Бі­рінші кезекте, мердігер ұйымдар жолдың қанша жылға дейін шыдас беретініне кепіл бола алуы тиіс. Ал оның барлығы сапаға байланысты екенін түсінсе керек, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Анар Шамшадинова. Комиссия мүшелері мердігер мекеменің басшыларына тұрғын­дардың арыз-шағымдарына орай автокөлік тұрақтайтын орын­дарды нақтылап беруді, бала­лардың ойын алаңын қоршау және тұр­ғындардың қауіпсіздігін сақтау қажетін ескертіп, ұсы­нысын жеткізді. Мониторинг қорытын­ды­сы бойынша, аталған тұрғын үйлердің құрылыс ба­рысы, Жол картасында көрсетіл­ген іс-шара­ларды уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және оның сапа­сына қатысты тексеруді күшейту жөнінде нақты тапсырма берілді. Айта кетейік, Ақтау қаласы бо­йынша сайлауалды бағдарла­маны іске асырудың Жол карта­сында көрсетілген барлық жұ­мыстардың іске асуын қадағалау үшін жауапты мемлекеттік орган мен мәслихат фракциясының арнайы мүшелері бекітілген. Осыған орай барлық істерді қо­ғамдық кеңес үнемі қатаң ба­қылайды.

  М.ТӨЛЕУ