Есірткі тасыған екібастұздық таксист түрмеге қамалды
Есірткі тасыған екібастұздық таксист түрмеге қамалды
©https://www.ktk.kz/

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі  хабарлады.  Кінәліге қатысты сот үкімі шығып, таксист төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

«Екібастұз тұрғыны құқық қорғау органдарының назарына түсті, ол жеке тасымалдаумен айналысып, өз көлігінде есірткі заттары бар үш брикет пен бір полиэтилен пакетті тасымалдады. Алынған заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Оның жалпы салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Сот арқылы Екібастұз қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Айта кету керек, жыл басынан бері полицейлердің үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесінде заңсыз айналымнан 73 келіден астам есірткі заты, оның ішінде 4 келіден астам гашиш, 67 келіден астам марихуана тәркіленді.