Оныншы баласын күтіп отырған Ақтау қаласының тұрғыны Гаухар Ешмұханова "Атамекен" ҰКП-ның "Бастау"жобасына қатысқан. Әйелге жеке бизнесін ашу үшін 500 мың теңге грант берілді. Алайда пандемияға байланысты істі жүзеге асыру мүмкін болмаған.
Гаухар Ешмұханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділдікті сұрап видеоүндеу жолдаған.Гаухардың айтуынша, ол тоқыма өндірісін ашуды жоспарлаған.- Біздің отбасымыз тоғыз бала тәрбиелеп отыр. Оныншысын күтіп отырмыз. Осы уақыт ішінде күйеуім екеуміз ешқашан мемлекеттен көмек сұраған емеспіз. Біз екеуміз де балаларды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп, ақша табамыз. Көпбалалы аналар шығатын түрлі митингтерге ешқашан қатысқан емеспін. Өз өмірімізде өмір сүреміз, ешкімге шағымданып жатқан жоқпыз. Алайда жақында мені сотқа бергені туралы хабарлама алдым, - деді Гаухар Ешмұханова.
Көпбалалы ана ақшаны мақсатты жұмсағанын растайтын барлық чектер мен құжаттар бар екенін айтады. “Тіпті пандемия жағдайына түскенімізге қарамастан, ақшаны дұрыс инвестициялайтын жол таптым. Мұның бәрін сотта дәлелдеймін, менде барлық дәлелдер бар. Мен ешкімді алдамадым. Ештеме жасырмаймын, жасырынбаймын”, - деп қосты Ақтау тұрғыны. Гаухар Ешмұханованың ісін қарайтын сот отырысы 18 тамызда өтеді.“Тігін жабдықтарын сатып алдым. Бірақ пандемия басталып кеткен соң бөлмені жалға алу қиын болды. Сондықтан ақшаның бір бөлігін жабдыққа жұмсадым, қалған ақшаны басқа жобаларыма салдым. Үйде онлайн режимінде желілік маркетингпен айналыстым, - дейді әйел.
Ақтаудағы көпбалалы отбасы Сәкен мен Гаухар Ешмұхановтар 2001 жылы үйленген. Содан бері жас отбасында тоғыз бала - төрт ұл және бес қыз өмірге келген. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар егіз тәрбиелеуде. Қазір көпбалалы отбасы 10 баласының өмірге келуін күтіп отыр.