Балқашта тойды тоқтату үшін полиция терезеден кіруге мәжбүр болған
Балқашта тойды тоқтату үшін полиция терезеден кіруге мәжбүр болған
©sputnik.kz
135
оқылды

Балқаш қаласының мобильдік топ мүшелері той болып жатқан "Айлин" мейрамханасының ішіне кіру үшін өрт сөндірушілерді шақыруға мәжбүр болды.

Мейрамханада ондаған адам жиналған тойдың өтіп жатқанын Балқаш қаласының коронавирусқа қарсы күрес үйлестіру орталығына тұрғындардың бірі хабарлаған. Хабарлама келіп түскен соң, мобильдік топ мүшелері мейрамханаға бірнеше минутта жеткен. Алайда мейрамхана ішіне кіру оларға оңай соқпады. Ғимарат әкімшілігі есікті ішінен іліп алып, тексерушілерді кіргізбеген. Сол кезде мобильдік топ мүшелері өрт сөндірушілерге хабарласып, тойхана ішіне терезеден кірмек болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Балқаш қаласы әкімдігі (@balqash_qalasy_akimdigi)

"Бүгін сағат 15.30 шамасында жақында ашылған "Айлин" мейрамханасында мобильдік топ той үстінен түсті. Мекеме әкімшілігі қонақтарын іштен жауып, рейд мүшелерін кіргізбеген. Арнайы күштер шақыртылып, ішке терезе арқылы түсуге тура келді", - деп жазды әкімдіктегілер. Осы фактіге қатысты хаттама толтырылып, Балқаш қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді. Бұл жолы мейрамхана иесі мен ұйымдастырушысынан бөлек, қонақтар да әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.