Қарағанды облысының Балқаш қаласында карантин күшейтіледі
Қарағанды облысының Балқаш қаласында карантин күшейтіледі
121
оқылды
Қарағанды облысының Балқаш қаласында коронавирус инфекциясының тіркелу санының ұлғаюына байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сәйкес, 24 қазан сағат 00.00-ден бастап: 1. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу енгізіледі. 2. Кәмелетке толмаған балаларға ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынады. 3. Халық көп жиналатын орындар: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар алаңдары жабылады. 4. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша волонтерлердің жұмысы жандандырылады (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек). 5. Бұқаралық ақпарат құралдарында волонтерлердің, жеткізу қызметтерінің телефон нөмірлері жарияланатын болады. 6. Қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі. Тек өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктердің жүруіне – рұқсат. 7. Балқаш станциясын, Қоңырат шағынауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынады. 8. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеледі. 9. Азық-түлік сататын нысандардың жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеледі. 10. Қызмет көрсету саласындағы нысандар: шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар - қызмет көрсетуді қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырады. Сондай-ақ дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуге, келушілер арасындағы ара-қашықтықтың сақталуын қадағалауға міндеттеледі. 11. Кәсіпкерлік субъектілер: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілерді кіргізбеуі тиіс. 12. Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен патрульдеу ұйымдастырылады. Үш адамнан артық топтасуға жол берілмейді. 13. Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдер, оның ішінде азаматтық персонал қашықтан жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50%) көшіріледі.