Өскеменде полиция модульдік бекеті ашылды
Өскеменде полиция модульдік бекеті ашылды
187
оқылды

Жергілікті полиция қызметін «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша реформалау Мемлекет басшысы құқық қорғау қызметі алдына қойған басты міндеттердің бірі.

Өскемен Бүгінгі күні осы мақсатты жүзеге асыру үшін полиция жұмысының сервистік моделіне көшу қолға алынған. Бұл – азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Жол картасын жүзеге асыру үшін Шығыс Қазақстан облысында 7 модульдік стационарлық бекеттер орнату жоспарланған. Күні кеше соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған тағы бір бекет қызмет көрсетуге берілді. ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев заманауи бекеттерде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, аумақты патрульдеу, азаматтарды қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады деп отыр. Бұл азаматтарға кез келген уақытта көмекке жүгінуге немесе толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.

Жадыра Мүсілім

Өскемен