Азаматтарды қабылдау жалғасып жатыр
Азаматтарды қабылдау жалғасып жатыр

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы са­нитарлық талаптарды сақ­тап, қоғамдық қабылдауды онлайн және азаматтардың қо­лында ПТР-тест қорытын­дысы болған жағдайда бетпе-бет жүр­гізеді.

Осы жолы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қабыл­дауына тұрғындар екі мәселе бо­йынша жазылған. «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша төраға­сының орынбасары Байтас Жүнісов пен бір­лестік мүшесі Мұратбек Балғабаев тұрғын үй және ядролық сынақтан зардап шеккендерге берілетін жеңілдіктер мәселесін көтерді. Қоғамдық бір­лестіктің облыстық филиа­лында бүгінде 53 адам тіркелген. Қабылдау барысында сала мамандары «Ардагерлер туралы» және «Семей ядролық полиго­нын­да зардап шеккендерді әлеу­меттік қорғау» бойынша түсіндіру жұ­мыстарын жүргізді. Айта ке­тейік, бүгінде «Ядролық сынақ­тар­ға қа­тысып, ҰОС арда­гер­леріне теңес­­тірілген тұлға­ларға» 18 057 теңге көлемінде, ал «Ядро­лық сы­нақ­­тар­ға қатысып, ҰОС мүгедегіне те­ңестірілген тұл­ға­ларға» 22 024 теңге көлемінде ай сайынғы тө­лемдер жүргізу бекітіл­ген. Ал енді Көкшетау қаласы бо­йын­ша қо­ғам­дық көліктерде жеңіл­дікпен жүруге қатысты мә­селе қалалық мәслихатта қара­латын болды. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Саят Калкишова бала кезінен 2-топтағы мүгедектігі бар баласының баратын «Аялау» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталығының тар екенін ал­ға тартып, соған орай оны ке­ңей­туге немесе басқа жерден орын қарастыруға қолдау көрсетуді сұрап келген. Ғалым Бекмағам­бе­тов мүмкіндігі шектеулі азамат­тар­ға, әсіресе балаларды әлеу­меттен­діруге ерекше көңіл бөледі. Сон­дықтан сала басшысы Дина Ахмет­жановаға орталықтың аумағын кеңейту бойынша нақты ұсыныс дайындауды тапсырды. Сонымен қатар қаладағы спорт­тық сауық­тыру орталықтарының басшы­лары­мен жасы 18-ден асқан мүм­кіндігі шектеулі аза­маттарды ке­дергісіз қабылдау бойынша келіс­сөздер жүргізу қажетін айтты. Облыстық мәслихат депутаты А.Балташеваға «Nur Otan» пар­тиясы Ақмола облыстық филиа­лы­ның отбасы, әйелдер және ба­ла­лар­дың құқығын қорғау бо­йынша қоғамдық кеңес отыры­сын­да білім алуда ерекше қажет­тілігі бар балаларды әлеуметтен­дірудің қосымша тетіктерін қарастыру тапсырылды. Ал «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы С.Бекішевке мүмкіндігі шектеулі азамат Ж.Шыңғысты әлеумет­тендіру бойынша волонтерлік топты бекіту жөнінде бұйрық берілді.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ