Шешенстанның халық әртісі қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)
Шешенстанның халық әртісі қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)
511
оқылды

Шешенстанның Халық әртісі Элина Муртазова қазақша ән шырқап, елді тамсандырды.  Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі “Ана туралы жыр” әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-те жарияланды.

“Шешенстан Республикасының Халық әртісі Элина Муртазова барша аналарға арнап осы бір жантебірентерлік, әсерлі әнді қазақ тілінде орындады”, – деп жазылған.
Сондай-ақ, онда екі халықтың арасын достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғаны аталған.
“Ата-бабамыздың тарихы мен бастан өткерген қиыншылықтары бізді біріктіреді. Шешен халқы ауыр күндерді бастан кешкенде Қазақстан көмек қолын созды”, – деп жазған автор.
Элина Муртазова үшін Қазақстан екінші Отаны іспетті. Әнші бір кездері біздің елде тұрған.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=u7gj-QpLdOM[/embed]