Екі адам пәтер тонап, бөтен көлікті айдап кеткен
Екі адам пәтер тонап, бөтен көлікті айдап кеткен
Фото: inbusiness.kz
286
оқылды
Степногорскте екі дос пәтерді тонап, бөтен көлікті айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Степногорск қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 3 тамызда полицияға 51 жастағы қала тұрғыны 2021 жылғы 3 тамызға қараған түні белгісіз тұлғалар үйдің терезесінен екі ер адамға арналған платина сақинасын, ақша қаражатын ұрлап әкеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 1 млн теңгені құраған, одан басқа Suzuki маркалы автокөлік ұрланған, иесі оның құнын 11 млн теңгеге бағалады. “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтады. Күдіктілердің бірі Степногорск қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. Ұрланған қаражатты ұрылар жұмсап үлгерген. ҚР ҚК 200-бап 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) және ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.