Алаяқтар өздерін «Nur Otan» партиясының қызметкері ретінде таныстырып, қазақстандықтарды алдау дерегі жиіледі
Алаяқтар өздерін «Nur Otan» партиясының қызметкері ретінде таныстырып, қазақстандықтарды алдау дерегі жиіледі
133
оқылды
Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі хабарлады. 
"Құрметті достар! Соңғы кезде азаматтардан бөгде адамдардың өздерін түрлі құрылымдардың, соның ішінде «Nur Otan» партиясының қызметкерлері ретінде көрсетіп, әлеуметтік төлемдерді алғанын және 1414 сервисінен түскен кодты хабарлау керектігін айтып қоңырау шалуына байланысты шағымдану жағдайлары жиілеп кетті.
Партияның баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Азаматтарды сақ болуға және жеке ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге шақырамыз. Алаяқтарға қатысты  шаралар қабылдау туралы өтініш құқық қорғау органдарына жіберілді", - делінген хабарламада.