"Алтын белгіге" қойылатын талаптар күшейтілмек
"Алтын белгіге" қойылатын талаптар күшейтілмек
©adyrna.kz
318
оқылды

Елімізде "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің Республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді.

"Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" төсбелгісін ақтауға қойылатын талаптар күшейтіледі. Біз оларды жыл сайын кезең-кезеңімен қайта қарастырамыз. Өздеріңіз білесіздер, былтыр бұл мәселені көтердік (қатаңдату туралы. - ескерт.), өзгерістер енгіздік. Биыл - екінші кезең. Онда талапкерлер тек жылдың соңында ғана емес, сонымен қатар әр тоқсанда 5 - 11-сыныпқа дейін бес болуы керек. Мұндай талап енгізіліп жатыр, менің ойымша, бұл - маңызды талап", - деді министр.