«Барселонаның» жаңа шабуылшысы Агуэро Мессидің нөмірінен бас тартты
«Барселонаның» жаңа шабуылшысы Агуэро Мессидің нөмірінен бас тартты
©https://www.eurosport.ru/
340
оқылды

«Барселонаның» жаңа шабуылшысы аргентиналық Серхио Агуэро Лионель Мессидің 10-нөмірімен ойнаудан бас тартты.

Marca-ның мәліметі бойынша, Серхио 19-нөмірді алатын болды.
Негізі, «Барселона» Мессиге құрмет ретінде 10-нөмірді мүлде алып тастамақ болған. Алайда Примера ережелері бұған рұқсат бермеді.  Агуэро «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде «Барселонаға» шілде айында қосылды. Дегенмен, ол жарақатына байланысты маусым басында алаңға шыға алмайды.