Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілін қабылдады
©akorda.kz
325
оқылды

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді.
Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған. Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынастарға тың серпін берді.