Қапшағайда кафеде күзетшілерді ұрған полицейлер қамауға алынды
Қапшағайда кафеде күзетшілерді ұрған полицейлер қамауға алынды
©tengrinews.kz
137
оқылды

Қапшағайда кафенің екі күзетшісін ұрған полицейлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев Instagram желісінде тұрғындармен жүргізілген тікелей эфир барысында айтты.

"Бейнежазбада күзетшілерді ұрып жатқан полиция қызметкерлері екені көрініп тұр. Бірден ол адамдар ішкі істер органынан жұмыстан шығарылды. Кафенің барлық адамдарынан түсініктеме алынды. Олар да полицейлердің тарапынан бұзақылық әрекеті болғанын растап берді. Екі күзетшіден бұзақыларды қылмыстық жауапқа тарту жөнінде арыз түсті. Біз - өз ұстанымымызда қаламыз, заңды бұзғандар жауапқа тартылады. Барлық тәртіп бұзған полицейлер заң алдында жауап береді. Кеше олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді ол.
Өткенде Қапшағай дәмханаларының бірінде үш полицей мас күйінде төбелес шығарды деп айыпталған. Тәртіп сақшыларының түнгі оқиғаға қатысы бар-жоғы көшедегі бейнебақылау камерасынан түсірілген бейнежазбамен расталды.