Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті хабарлағандай, 2021 жылғы II тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 403,2 мың адамға жеткен.
Павлодар облысындағы жұмыспен қамтылған халық саны - 383,9 мың адам. Соның ішінде 324,8 мыңы (84,6%) – жалдамалы қызметкерлер, 23,4 мыңы (6,1%) – кәсіпкерлер.
Жұмыссыздар ішінде ерлер үлесі 49,5%-ды, әйелдер – 50,5%. 2021 жылғы IІ тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санында 15-28 жастағы жастардың үлесі - 10,6 пайыз.