Павлодарлық қыз телефоннан шыққан өрттен күйіп қалды
Павлодарлық қыз телефоннан шыққан өрттен күйіп қалды
©osken-onir.kz

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде болған.

- Өрт екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінен шыққан. Үй заттары мен жиһаздар, 20 шаршы метр аумақ өртеніп кеткен. Сағат 11:00-де өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 процент күйік шалған, - деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы м.а. Тілекжан Галямов.
Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған.
- Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған, - деді департаментте.