Өзбек спортшысының бапкері қазақстандық спортшымен жекпе-жекте аяқтан шалу болғанын айтты
Өзбек спортшысының бапкері қазақстандық спортшымен жекпе-жекте аяқтан шалу болғанын айтты
Фото: vesti.kz
173
оқылды
Alash Pride Grand Prix 67 турнирінің қызықты айқастарының бірі жерлесіміз Зәмзәгүл Файзолланова (7-1) мен өзбек қызы Хожинисо Комолдинова (0-1) арасында болды. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті "Бопайға" берді, —деп жазады vesti.kz. Комолдинованың жеке бапкері әділ-қазылар шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.
"Бұл кешке ұзақ дайындалып едік. Жеке менің пікірім бойынша жекпе-жек әділ болмады. Жарысты ұйымдастырушы Alash Pride пен төрешілерге көңіліміз толмайды. Барлығы біздің жеңіске жеткенімізді көрді. Өзбекстанда бұл айқасты көптеген адам тамашалады. Барлығы осы кездесуді күтті, — дейді Жавлонбек Тохтабаев.
Спортшының өзі де жеңілісін мойындамады.
https://youtu.be/CQwL9ZVR7Vg