Елордада жалған вакцина паспортын жасаған ер адам ұсталды
Елордада жалған вакцина паспортын жасаған ер адам ұсталды
Елордада полиция қызметкерлері вакцина паспортын қолдан жасап, оларды сатпақ болған 28 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдымен тәртіп сақшыларының назарына кез келген үлгідегі құжат дайындауды уәде еткен ер адам іліккен. Ол қала тұрғындарына вакциналау паспортын 20 күн ішінде дайындап беруді ұсынды. Тапсырыс берушілер бұл қызметтің ақысын алдын ала төлеуге тиіс болған. Ер адам жұмыс орнының жанында 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу үстінде ұсталды. Күдіктінің айтуынша, ол осылайша ақша таппақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір вакциналау паспортын сатып алу үшін аталған азаматқа жүгінген адамдардың саны анықталуда.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)